Абат Айымбетовтің командасы 0:6 есебімен жеңіліп қалды (ВИДЕО)

15.04.2025, 11:41

Қазақстандық шабуылшы клубына көмектесе алған жоқ

Футболдан Түркия чемпионатының 31-туры аяқталды.«Эюспорға» қонаққа барған «Анада Демирспор» өз қақпасына жауапсыз алты гол жіберіп, ойсырай жеңілді.

Айта кету керек, «Адана Демирспор» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айыметов ойнайды және ол осы матчта алаңға шықты.

Кездесу Стамбұлдағы Режеп Тайып Ердоған атындағы стадионда өтті. Алаң иелері сапынан Маме Тиам (10-минут), Эмре Акбаба (21 және 50-минуттар), Умут Бозок (30-минут), Тайфур Бингель (78-минут) және Халиль Акбунар (87-минут) гол соқты.

Абат Айымбетов алаңға 46-минуттан бастап шықты. Дегенмен, командасына көмектесе алған жоқ. Ол биылғы маусымда барлығы 23 матчта 4 гол соққан болатын.

Айта кету керек, «Адана Демирспор» жеңілістен көз ашпай келеді. Команда турнирлік кестенің ең соңғы 19-сатысында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам