Ресейлік клубта ойнайтын қазақ футболшысы өмір бойына спорттан шеттетілді

21.04.2025, 12:47

Футболшы қарсылас команданың жеңісіне бәс тіккен

Ресейлік клубта ойнайтын қазақ футболшысы өмір бойына спорттан шеттетілді
ФК “Красава”

Ресейде туған этникалық қазақ футболшысы Қадырғали Симбаев өмір бойына футболдан шеттетілді.

Ресейдің «Коломна» клубында ойнайтын футболшы әріптесі Никита Мерзлюкпен бірге букмекерлік кеңседе бәс тіккен.

Ресей кубогының 1/256 финалында «Коломна» мен «Амкал» медиа командасы ойнаған. Екі футболшы қарсыластың жеңісіне бәс тіккен. Бұл жағдайды Ресей футбол одағының Бақылау-тәртіптік комитеті қарап, тиісті шешім қабылдады.

«Никита Мерзлюк пен Қадырғали Симбаевқа өмір бойына футболға қатысты кез келген қызметпен айналысуға тыйым салынсын», - делінген комитеттің шешімі туралы РФ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам