
Ол англиялық клубқа 40 млн еуроға келген болатын
«Манчестер Сити» Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановтың уақытша кетуіне келісім берді. Бұл шешім алдағы жазғы трансферлік терезеде жүзеге асуы мүмкін.
Абукодир Хусанов биылғы қысқы трансфер кезінде «қалалықтарға» 40 миллион еуроға келген. Клуб басшылығы оны болашақ жоба ретінде қарастырған болатын. Алайда, Хусанов жоғары деңгейдегі тұрақты ойын уақытының жетіспеушілігіне байланысты негізгі құрамда өзін толық көрсете алмай отырған көрінеді.
Fichajes сайтының деректері бойынша, бас бапкер Пеп Гвардиола Хусановты биыл жазда басқа клубқа жалға беруге қарсы емес.
Қазірдің өзінде өзбекстандық қорғаушыға АПЛ-дің бірнеше клубы мен басқа да еуропалық командалар қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды. Оның физикалық мүмкіндіктері мен техникалық шеберлігі көптеген бапкердің назарын аударған. Әсіресе, болашағынан үміт күттіретін орталық қорғаушы ретінде жоғары бағалануда.
Хусановтың «Манчестер Сити» сапынан уақытша кетуі оның мансабына оң әсер етіп, болашақта жоғары деңгейге көтерілуіне жол ашуы мүмкін дейді сарапшылар.