Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

«Қайсар» футбол клубының видеооператоры өмірден өтті

08.01.2024, 14:19

Оның оқыстан болған қазасы ойыншыларға да ауыр тиіп отыр

«Қайсар» футбол клубының видеооператоры өмірден өтті
instagram.com/fckaysar_official/

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының фото, видео операторы Бауыржан Елденбаев қайтыс болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі Instagram-парақшасында жазды.

«Бүгін “Қайсар” футбол клубы үшін қаралы күн! Көпшілікті шедевр дүниесімен таңқалдырған Бауыржан Елденбаев бақилық болды. Марқұмның ет-жақындарына, бауырларына, жұбайына қайғырып көңіл айтамыз! Соңғы демі қалғанша байланыста болған Бауырдың жұмысқа деген адалдығына бас иеміз! Бақұл бол, Бауыр!», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Жанкүйерлер марқұмды футбол ойыны кезінде стадионнан жиі көргенін атады. Көпшілікте ойын сәтінен есте қаларлық сәттерде бейнежазба, фотоға түсірген оператордың оқыстан болған қазасы ойыншыларға да ауыр тиіп отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам