Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлем футболының аңызы Франц Беккенбауэр қайтыс болды

08.01.2024, 22:24

Ол екі рет «Алтын доп» иегері атанған

Әлем футболының аңызы Франц Беккенбауэр қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Футболдан әлем және Еуропа чемпионы Франц Беккенбауэр 78 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның отбасы ресми хабарлады.

«Өмірлік жолдасым және әкеміз Франц Беккенбауэр жексенбі күні өз шаңырағында ұйықтап жатып қайтыс болды», - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, Беккенбауэр «Бавария» сапында Германия чемпионатын төрт рет жеңіп алған және Еуропа чемпиондары кубогінің иегері болған. 

Ол Германия құрамасының сапында 1974 жылы әлем чемпионы, 1972 жылы Еуропа чемпионы болды. 

Екі рет «Алтын доп» иегері атанған.

1990 жылы Германия құрамасының бас бапкері ретінде де әлем чемпионатын жеңіп алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам