«Ливерпуль» мерзімінен бұрын Англия чемпионы атанды

27.04.2025, 23:39

Арне Слоттың командасы тарихында 20-рет АПЛ чемпионы атағын иеленіп отыр

«Ливерпуль» мерзімінен бұрын Англия чемпионы атанды
Getty Images

«Ливерпуль» өз алаңында «Тоттенхэмді» 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, маусым аяқталуына төрт тур қалғанда Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды. 

Соланке матчтың 12-минутында есеп ашып еді, оған қонақтар сапынан Диас бір голмен жауап қатты. Сонан соң Макаллистер мен Гакпо алғашқы тайм аяқталғанға дейін бір-бір голдан соқты. Ал екінші таймда Салах мергендік танытып, есепті 4:1-ге жеткізіп еді, араға алты минут салып Удоги автогол авторы атанды. Осылайша кездесу 5:1 есебімен аяқталды.

«Ливерпуль» «Манчестер Ситидің» төрт жылдық үстемдігінен кейін чемпиондық атақты қайтарып алды. Арне Слоттың командасы 34 матчта 82 ұпай жинады. Ал қарсыласы — «Тоттенхэм» 37 ұпаймен 16-орында тұр. Биылғы АПЛ маусымында «Арсеналдың» екінші орын алуға мүмкіндігі жоғары.

«Ливерпуль» өз тарихында чемпиондық атаққа жиырмасыншы рет қол жеткізді. Бұл жағынан клуб «Манчестер Юнайтедті» қуып жетті: енді екі клубта да 20 титулдан бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам