Магомед Адиев проблемасы көп клубқа не үшін барғанын түсіндірді

28.04.2025, 12:42

Клуб футболшыларына бірнеше айдан бері жалақы төлей алмай жүр

Магомед Адиев проблемасы көп клубқа не үшін барғанын түсіндірді
ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері Магомед Адиев жақында ресейлік «Химки» клубының тізгінін ұстады. Ол проблемасы шаш еткен болып жатқан клубтың тізгінін не үшін ұстағанын түсіндірді.

Өйткені «Химки» клубының қаржылық мәселесі көп. Футболшыларына бірнеше айдан бері жалақы төлей алмай жүр.

«Мен өзімді бапкер ретінде тексергім келді. Бұл жаңа, ерекше тәжірибе болмақ. Осындай кризистік жағдайдан шығудың да өзіндік ерекшелігі бар. Маған алты ойын берілді. Осындай қысқа мерзімде өзімді көрсете аламын ба, сол жағы да қызық болып тұр», - дейді Адиев «Чемпионат» порталына берген сұхбатында.

«Химки» клубы Ресей премьер-лигасының 26-турынан кейін 12-орында тұр. Алда төрт матч қалған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам