«Сәтпаевтан да талантты»: «Қайраттың» жас ойыншысын ресейліктер сатып алмақшы

29.04.2025, 09:51

Алайда, клуб қожайыны оны сатудан бас тартатын секілді

«Сәтпаевтан да талантты»: «Қайраттың» жас ойыншысын ресейліктер сатып алмақшы
Қайрат ФК

«Қайрат» академиясының түлегі және осы клубтың қазіргі ойыншысы Дәулет Орынбасарға мәскеулік ЦСКА мен питерлік «Зенит» қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы «Қайрат» қожайыны Қайрат Боранбаев мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін жас шабуылшының талантына таңдай қаққандар көп екенін жазған болатынбыз. Тіпті, оның ойын көрсеткіштері командаласы Дастан Сәтпаевтың көрсеткішінен де асып түскен.

«Иә, қазір бізде екі ұсыныс бар: бірі – «Зениттен», екіншісі – ЦСКА-дан. Қазіргі таңда біз екеуімен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Дәулет өте талантты ойыншы. Біз оны осындай трансферлерге дайындай беруіміз керек. Жай ғана сатып жібере салуға болмайды. Ол жай ғана қосалқы құрамда отырмай, барған клубының негізгі құрамында алаңға шығуы тиіс», - деді Қайрат Боранбаев журналист Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.

Еске салайық, «Қайрат» академиясының түлегі Дастан Сәтпаевты лондондық «Челси» сатып алды. Футболшы 18 жасқа толғанда Англия астанасына аттанады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам