Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында екі рекорд орнатты

01.05.2025, 10:57

Ол Килиан Мбаппенің атағын тартып алды

Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында екі рекорд орнатты
Getty Images

«Барселона» клубының жас вингері Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында екі бірдей рекорд орнатты. «Барселона» мен «Интер» арасындағы жартылай финалдық ойында ол ерекше ойынымен көзге түскен болатын.

Атап айтқанда, Ямаль Чемпиондар лигасы тарихындағы жартылай финалда гол соққан ең жас ойыншы атанып отыр. Ол әлі 18-ге толмаған (17 жас 291 күн). Осылайша, Ямаль бұрынғы рекорд иесі Килиан Мбаппені (18 жас 140 күнде гол соққан) басып озды.

Сондай-ақ, Ямаль Чемпиондар лигасының бір маусымында плей-офф кезеңдерінің үш ойынында  — 1/8, 1/4 және 1/2 финалдарда гол соққан алғашқы жас футболшы болып тарихта қалды.

Ламин Ямал Интерге қарсы ойында ерекше ойынымен көзге түсті: 

  • 102 рет допқа жанасты
  • 17 рет қақпа маңында пас берді  
  • 10 рет әулете пас берді
  • 8 рет дуэльде жеңіске жетті  
  • 6 рет допты сәтті қабылдады  
  • 6 соққы (2 дәл соққы)
  • 2 рет гол соғуға мүмкіндік жасады  
  • 2 мәрте қақпа бағанасына тигізді
  • 1 гол соқты

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Барселона» өз алаңында миландық «Интер» клубын қабылдап, 3:3 есебімен тең тарқасты. Қарымта матч Италияда өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам