«Ақтөбенің» адал жанкүйерлері үшін: клуб көптен күткен мерчін шығарды

05.05.2025, 11:28

Жаңа киім үлгілерін клубтың белгілі ойыншылары киіп көрсетті

«Ақтөбенің» адал жанкүйерлері үшін: клуб көптен күткен мерчін шығарды
Данил Ярощук

Футболдан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы «Ақтөбе» футбол клубы жаңа мерчті шығарды. Енді ол жанкүйерлерге қолжетімді. Культке айналған қазақстандық клубтың киімдері мен аксессуарларын енді команданың өз алаңындағы матчтарында сатып алуға болады.

«Қызыл-ақ» – бұл жай ғана клубтың түстері емес, бұл – ондаған жылдар бойы жазылып келе жатқан тарих. Бұл – қаланы біріктірген команда. Бұл – бүкіл ел білетін стиль. 

Ақыры, «Ақтөбе» футбол клубы өзінің арнайы мерч коллекциясын көпшілікке таныстырды. Енді жанкүйерлер сүйікті клубына деген махаббатын тек трибунада емес, күнделікті өмірде де көрсете алады.

Жаңа өнімдерді алғашқылардың бірі болып клуб футболшылары – Фредди Гондола, Әлібек Қасым, Жайро Жан, Андрей Влад, Идрис Умаев және басқалары киіп көрді. Арнайы фотосессияны әйгілі фэшн-фотограф Данил Ярощук өткізді. Ол бұған дейін Роналдиньомен, «Зенит» ойыншыларымен жұмыс істеген және жетекші сән басылымдарында фотосуреттері жарық көрген.

Коллекция киім мен аксессуарларды қамтиды. Оның ішінде футболкалар, худилер, бас киімдер, термостар, қуаттағыш құрылғылар, пледтер мен жастықтар бар. Сонымен қатар, фанаттарға арналған арнайы атрибутика – жалаулар мен шарфтар ұсынылған. Айрықша назарды лимиттелген сериядағы бомберлер аударып отыр.

Коллекцияның шығуы бірнеше маусым бойы клубқа қолдау көрсетіп келе жатқан Olimpbet компаниясының серіктестігі арқасында мүмкін болды.

«Ақтөбе» – әртүрлі буын жанкүйерлерін біріктірген, Қазақстандағы ерекше клубтардың бірі. Біз бұл мерчті шығаруға қолдау білдіріп, идеяны жүзеге асырғанымызға қуаныштымыз. Бұл «қызыл-ақ» рухын сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізудің тамаша тәсілі. Осындай тарихтың бір бөлігі болу біз үшін үлкен мәртебе», – деп атап өтті Olimpbet компаниясының даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев.

«Ақтөбе» клубының мерчі команда өз алаңында өткізетін матчтарда қолжетімді болады: 11 мамыр күні «қызыл-ақтар» «Елімаймен» кездеседі, ал 30 мамырда – «Қайратпен» ойнайды.

Olimpbet өкілдері алдағы уақытта мұндай өнімдер букмекерлік компания серіктестік орнатқан басқа клубтар үшін де шығатынын айтты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам