
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы алаңға жиі шыққысы келетінін айтқан
Қазақстан құрамасының және Данияның «Силькеборг» клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Ақтөбе» командасының құрамын толықтыруы мүмкін. Бұл туралы «Серый CARDINAL» Telegram-арнасы хабарлайды.
«Біздің дереккөздеріміз бір ай бұрын-ақ Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы ақтөбелік клубқа оралғысы келетінін хабарлаған болатын. Ол «Силькеборгтегі» ойын уақытымен қанағаттанбай жүр. Футболшы алаңға жиі шыққысы келеді. Қазіргі уақытта бұл трансфердің жазда жүзеге асуына ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпыз», – деп жазады арна авторы.
Естеріңізде болса, Рамазан даниялық клуб сапын былтыр толықтырған. Ал оның келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған.