
Зайнутдинов «Бешикташ» сапында 12 матчқа қатысқан
Түркияның Fotospor басылымы «Бешикташта» ойнайтын қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтің денсаулығына байланысты мәселе бар екенін хабарлады.
«Зайнутдиновтің жағдайы шынымен күрделі, оған тіпті жүгіруге тыйым салынған. Егер ол жүгірсе, сіңірінде ісік пайда болуы мүмкін. Сондықтан футболшы әзірге жаттығуға қатысып жүрген жоқ, әрі оны емдеуге қатысты әлі де зерттеуді қажет ететін жайттар бар», – деп жазады басылым.
Биылғы маусымда Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында 12 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген. Қазақстандық футболшы соңғы рет қаңтар айында алаңға шыққан.