Қазақстан футболын сынаған Самат Смақов қызметінен кетуі мүмкін

11.05.2025, 22:16

«Жетісу» ҚПЛ аясындағы сегіз турда төрт рет жеңіліп, төрт ойында тең түскен

Қазақстан футболын сынаған Самат Смақов қызметінен кетуі мүмкін
“Жетісу” ФК

Биылғы маусымда жетісулықтар ҚПЛ-да бірде-бір матчта жеңіске жеткен жоқ.

Расталмаған ақпаратқа сәйкес, «Жетісу» клубының директоры Марк Гурман, сондай-ақ команданың бас бапкері Самат Смақов пен оның жаттықтырушылар штабы Премьер-лиганың сегізінші турында «Оқжетпестен» 1:3 есебімен жеңілгеннен кейін қызметінен кетуі мүмкін.

Жетінші турда «Тұранмен» болатын ойын қарсаңында облыс әкімдігі «Жетісу» клубының басшылығы мен бас бапкері Самат Смақовқа алдағы екі турда кем дегенде 4 ұпай жинау міндетін қойған. Алайда Түркістан клубымен кездесу 0:0 есебімен аяқталса, бүгін талдықорғандықтар «Оқжетпестен» 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Дереккөз мәліметінше, осы нәтижеден кейін клуб директоры Марк Гурман, бас бапкер Самат Смақов және оның жаттықтырушылар құрамы «Жетісу» клубынан кетеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, «Жетісу» ҚПЛ аясындағы сегіз турда төрт рет жеңіліп, төрт ойында тең түскен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам