
«Жетісу» клубы көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады
Қазақстан Премьер-лигасының 8-тур ойындары жанкүйерлерге көптеген әсерлі сәттер мен күтпеген нәтижелер сыйлады.
«Жетісу» - «Оқжетпес» (1:3)
Талдықорғанда өткен матчта жергілікті «Жетісу» клубы көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады. Кездесу қонақтардың сенімді жеңісімен аяқталды — 3:1. Алдымен 27-минутта Дәурен Жұмат есеп ашты. Алайда үш минуттан кейін Аслам Ахмедов таразы басын теңестірді. Екінші таймда «Оқжетпес» қайта алға шықты: 58-минутта Дамир Марат, ал 74-минутта Санжар Сатанов гол соғып, өз командасына үш ұпай сыйлады. Осы жеңістің арқасында «Оқжетпес» 14 ұпай жинап, турнир кестесінде 5-орынға көтерілді. Ал «Жетісу» 4 ұпаймен 12-орында қалды.
«Ордабасы» - «Қайсар» (5:0)
Шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» тас-талқан етіп жеңді. Кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Гол авторлары: Эвертон (18’), Карам Султанов (33’, автогол), Виктор Мудрак (75’, пенальти), Еркебұлан Тұңғышбаев (83’) және Сергей Малый (90+3’). Бұл жеңіс «Ордабасына» 14 ұпай жинауға мүмкіндік беріп, турнир кестесінде 6-орынға көтерілді. «Қайсар» 4 ұпаймен 11-орында тұр.
«Ақтөбе» - «Елімай» (1:0)
Турдың маңызды ойындарының бірі Ақтөбеде өтті. Қатар келе жатқан екі клуб — «Ақтөбе» мен «Елімай» — өзара тартысты матч өткізді. Ойынның жалғыз әрі шешуші голын 55-минутта Әлібек Қасым соғып, «Ақтөбеге» маңызды жеңіс сыйлады. Осы нәтиже арқылы ақтөбеліктер 14 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.