
39 жастағы грек маманы Акис Вавалиспен қош айтысты
Астананың «Жеңіс» клубы 39 жастағы грек маманы Акис Вавалиспен қош айтысты.
Клуб директоры Айдын Қожахметтің айтуынша, Вавалис командадан отбасылық жағдайларына байланысты кеткен.
Ол командаға 2024 жылдың маусым айында келген. Грек маманының тұсында «Жеңіс» былтыр лига кубогының финалына дейін жетті. Енді оның орнына Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиевтің інісі Пиралы Әлиев тағайындалды. Әзірге ол міндетін атқарушы болмақ.
Акис Вавалистың тұсында «Жеңіс» 30 матч өткізіп, 8 ойында жеңіске жетті. Сондай-ақ 10 ойын тең аяқталып, 12 кездесуде есе жіберген.