«Қойлардың кесірі»: құрбандық шалған «Атырау» сынға қалды

13.05.2025, 16:46

Сүлейменов құрбандық шалу рәсімін «бюджет ақшасын босқа шашу» деп атады

«Қойлардың кесірі»: құрбандық шалған «Атырау» сынға қалды
Әлеуметтік желі

Танымал адвокат құрбандық шалған «Атырау» клубын сынап тастады.

Қазақстандық танымал заңгер Жангелді Сүлейменов футболдан «Атырау» клубының әрекетін сынға алды.

Адвокат әрі қоғам белсендісі Сүлейменов клуб басшылығы мен ойыншыларының жасаған құрбандық шалу рәсімін «бюджет ақшасын босқа шашу» деп атады.

«Атырау» футбол клубы Қазақстан чемпионатындағы 8 матчтың жетеуінде жеңіліп қалды. Тоғызыншы матч алдында ойыншылар молда шақырып, құрбандыққа қой шалды. Бірақ клуб тағы да жеңіліске ұшырады. Соған қарағанда қарсылас команда семіздеу қой сойған сияқты. Қой сойғаннан гөрі жаттығуға көңіл бөлген дұрыс. Ашуыма тиетіні – бұл клубқа жыл сайын 1,9 миллиард теңге бюджет қаржысы жұмсалады. Яғни бұл – біздің салықтан жиналған ақша. Құрбандыққа шалынған қой да, бәлкім, сол қаржыға алынған шығар. Мен мұндай шығындарға қарсымын. Міне, біздің ақшамыз қайда кетіп жатыр, осындай «қойлардың» кесірінен салық өсіп жатыр», – деп жазды Сүлейменов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам