Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Болгариялық Радослав Цонев «Тобыл» ойыншысы атанды

10.01.2024, 16:29

Ол Болгария құрамасында бір ойын өткізген

Болгариялық Радослав Цонев «Тобыл» ойыншысы атанды
LEVSKI.BG

«Тобыл» футбол клубы болгариялық жартылай қорғаушы Радослав Цоневпен келісімге келгенін ресми мәлімдеді. Енді 28 жастағы ойыншы Қостанайда доп тебетін болады.

Радослав Цонев биыл сәуір айында 29 жасқа толмақ. Ол 1995 жылы Благоевградта дүниеге келген. Жасөспірім шағында жергілікті «Пирин» клубында тәрбиеленіп, 18 жасында «Левскидің» қатарын толықтырды. Кейін ол итальялық «Леччеге» ауысты. Аталған клубта 50 ойын өткізген болгар ойыншысы «Витебрезе» және «Монополи» клубтарына жалға берілген. Ойыншы 2020 жылы ғана өз клубына қайта оралды.

Дегенмен, Цонев 2 жыл бұрын «Арда» клубына ауысып, сонда ойнады. 

Жартылай қорғаушы Болгария құрамасында 2021 жылы 12 қазанда Солтүстік Ирландияға қарсы әлем чемпионатының іріктеу матчында алаңға шыққан. Оның бойы 175 см, салмағы 66 кг.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам