
Оның нарықтағы құны шамамен 6,2 млн еуроны құрайды
Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) қымбат футболшылардың жаңа рейтингін жариялады. Бұл тізімге қазақстандық футболшы Максим Самородов та енді. Ол Ресей чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың ішінде 9-орынды иеленді.
Максим Самородов – ең қымбат футболшылар тізімінде тоғызыншы орынға жайғасқан:
CIES Football Observatory — футболшылардың трансферлік құнын бағалаумен айналысатын сараптамалық орталық. Бағалау кезінде ойыншының жасы, алаңдағы позициясы, келісімшарт ұзақтығы, статистикасы және танымалдығы секілді бірнеше фактор есепке алынады.