УЕФА футзалдан Еуропа чемпионатын Қазақстанда өткізуі мүмкін

16.05.2025, 11:55

Беларусьтың финалдық кезеңге жолдама алуына байланысты мәселе туындаған

УЕФА футзалдан Еуропа чемпионатын Қазақстанда өткізуі мүмкін
ҚФФ

2026 жылы футзалдан өтетін Еуропа чемпионаты Литва мен Латвияда ұйымдастырылуы тиіс болғанымен енді шешім өзгергелі отыр. Бұл ретте Беларусь құрамасының финалдық кезеңге жолдама алуына байланысты мәселе туындап отыр.

Себебі, аталған екі мемлекет те Беларусьтің турнирге қатысуына қарсылық танытқан. Өйткені Белорусь мемлекетінің Ресейдің әрекеттеріне қолдау білдіруі айыптауға ұшыраған еді.

Осы жағдайға байланысты 21 мамырға жоспарланған жеребе тарту рәсімі кейінге қалдырылады деп күтілуде. Сонымен қатар УЕФА чемпионатты басқа елде өткізу нұсқасын қарастырып жатқаны белгілі болды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жарысты қабылдау құқығы Қазақстанға берілуі ықтимал. Себебі еліміздің мұндай деңгейдегі турнирлерді ұйымдастыруда тәжірибесі мол және инфрақұрылымы да жеткілікті деп есептелгенге ұқсайды. Бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім алдағы уақытта жарияланатын болады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам