Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

«Қайсардың» жаңа басшылығы 15 млн-ға кәсіпкерді «лақтырып кетті»

22.05.2025, 10:50

«Қайсар» кәсіпкерден алған қаржысын қайтармаған

«Қайсардың» жаңа басшылығы 15 млн-ға кәсіпкерді «лақтырып кетті»
instagram.com/fckaysar_official Бас бапкер Виктор Кумыков

Қызылорда клубының басшылығы жергілікті кәсіпкерге қарыз болып қалды. «Қайсар» Қызылорда облысының спорт басқармасының басшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың атына кір келтіруде. Бұл туралы «Серый CARDINAL» жазды.

«Былтырғы жылы клубқа салынған тыйымды алып тастау үшін, «Қайсар» бір кәсіпкерден шамамен 15 миллион теңге көлемінде қарыз алған. Бұл қарыз ресми келісімшартпен рәсімделген. Алайда, «дала қасқырларының» басшылығы бұл қаржыны қайтаруға асығар емес. Қандай себеппен екені белгісіз. Осындай әрекеттерден кейін «Қайсармен», дәлірек айтқанда қазіргі басшылықпен, демеуші болғысы келетіндер табыла қоюы екіталай. Екінші мәселе – сыйақы төлеу. Біздің дереккөздерімізге сүйенсек, осы маусымда жиналған ұпайлар үшін қызылордалықтар бапкерлер штабы мен ойыншыларға тиесілі бонустарды әлі төлемеген.Үшінші жайт – облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың уәдесіне қарамастан, жазда команда құрамын мықты ойыншылармен толықтыруы екіталай. Себебі, маңызды ойыншылар мұндай мақсаттармен (лигада қалу) және мұндай қаржылық жағдаймен (жалақы шектеуі мен сыйақы жоқтығы) келмейді. Көп жағдайда, жанкүйерлердің наразылығын уақытша басу және уақыт ұту үшін ғана уәде берілген болуы мүмкін», – делінген жазбада.

Айта кетейік, «Ақтөбеден» жеңілген соң, команда жанкүйерлері Бақтияр Артаевпен кездескен. Спорт басқармасының басшысы жазда деңгейі жоғары қазақстандық ойыншыларды шақырамыз, премьер-лигадан төмен түспейміз деп уәде еткен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам