Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Лука Модрич «Реал Мадридпен» қош айтысты

23.05.2025, 12:21

Хорватиялық жартылай қорғаушы 2012 жылдан бастап «Реал Мадридтің» негізгі ойыншысы болды

Лука Модрич «Реал Мадридпен» қош айтысты
Getty Images

Испанияның әйгілі «Реал Мадрид» футбол клубының жарқын жұлдызы Лука Модрич командадан кететінін мәлімдеді. Бұл жаңалық клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Желіде «Рақмет, Лука» деген жазбамен бірге, клуб ұзақ жылдар бірге болған ойыншыға алғысын білдіріп, қоштасу сәтін бөлісті.

«Бұл сәт келмесе екен деп үміттеніп едім, бірақ футболда бәрі табиғи. Сенбіде «Сантьяго Бернабеу» алаңында менің соңғы кездесуім өтеді», – деді Модрич өз жанкүйерлеріне жолдаған сөзінде.

Хорватиялық жартылай қорғаушы 2012 жылдан бастап «Реал Мадридтің» негізгі ойыншысы болды. Он үш жыл ішінде Модрич командасымен бірге бес мәрте Чемпиондар лигасын, бірнеше рет Испания чемпионатын және ел кубогын жеңіп алды. 2018 жылы ол «Алтын доп» иегері атанып, әлемнің үздік футболшысы ретінде танылды.

Модрич кәсіби мансабын туған елі Хорватияда бастаған. Ол «Динамо Загреб», «Зриньски», «Интер Запрешич» клубтарында өнер көрсетіп, кейін Англияның «Тоттенхэм» командасына ауысты. Алайда футболшы ретіндегі ең жарқын кезеңі дәл мадридтік клубпен байланысты болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам