
Ол кәсіби мансабындағы 936-шы голын соқты
«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 34-турында «Әл-Фата» командасымен (2:3) ойында мергендік танытты.
Осылайша, 40 жастағы португалиялық футболшы кәсіби мансабындағы 936-шы голына көрімдік сұрады. Сөйтіп өзінің жеке рекордын әріқарай жалғастыра түсті.
Футболшының арманы голдарының санын 1000-ға жеткізу. Сонымен қатар, Роналду клубтық деңгейде 800-ші мерейтойлық голын соқты. Мансабында Криштиану «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Ювентус» және «Әл-Наср» клубтарында өнер көрсетті.
Биылғы маусымда Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында 25 гол соғып, турнирдің ең үздік бомбардирі атанды. Одан кейін «Әл-Ахли» клубының шабуылшысы Айвен Тоуни (23 гол) мен «Әл-Иттихад» клубының форварды Карим Бензема (21 гол) бар.