Өзбекстандық танымал футболшы Ресейде орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты

02.06.2025, 11:46

Матчтан соң ресейлік журналист футболшыдан сұхбат алмақшы болған

Өзбекстандық танымал футболшы Ресейде орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты
rusfootball.info

Күні кеше Мәскеудің ЦСКА клубы Ресей кубогын жеңіп алды. Финалда олар «Ростов» командасын жеңді. Ойыннан кейін жеңімпаз сапында өзбекстандық Аббосбек Файзуллаев болды.

Матчтан соң ресейлік журналист футболшыдан сұхбат алмақшы болған. Бірақ ол тілшіге өзбек тілінде жауап бергісі келетінін айтып, бірден өзбекше сөйлей жөнелді.

Айта кетейік, Аббосбек Файзуллаев матчтың 73-минутында алаңға шықты. Ойыншы алаңда аса қатты шеберлігімен көзге түсе қойған жоқ, дегенмен ЦСКА жанкүйерлері оны қолдады.

Еске салсақ,  ЦСКА Ресей кубогын тоғызыншы рет жеңіп алды. Файзуллаев бұл трофейді Ресейде алғаш рет иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 31
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам