
Бұл туралы «Қайрат» академиясының баспасөз қызметі мәлімдеді
«Қайрат» U-17 командасының 16 жастағы шабуылшысы Дәулет Орынбасар Санкт-Петербургте өткен Владимир Казачёнокты еске алу турнирінде үздік ойыншы атанды.
Бұл туралы «Қайрат» академиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Дәулеттің турнирдегі көрсеткіштері:
3 матч
5 гол
2 ассист
Айта кетейік, биыл XV рет ұйымдастырылып отырған бұл аламанда Санкт-Петербургтің «Зенит» жасөспірімдер командасы жеңіске жетті. Ал турнирге 2009 жылы туған ойыншылардан құралған төрт елдің командалары қатысты.
Соңғы кезеңде «Зенит» Беларусьтің АБФФ академиясын 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы болды. Ал екінші кездесуде Алматының «Қайраты» ирандық «Сепаханнан» 5:1 есебімен басым түсті.