
Спортшы Қазақстан құрамасының әлем чемпионаты іріктеуіне қатысты ойын айтты
ММА бойынша қазақстандық спортшы Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионаты іріктеуіндегі мүмкіндіктеріне пікір білдірді.
Instagram желісіндегі kzsports парақшасында бір қолданушы Хамитовқа пікір жазып:
«Мүмкін қайта Азияға оралғанымыз дұрыс шығар? Не дейсің, бауырым?» – деп сұрады.
Оған Қуат Хамитов қысқа ғана жауап берді:
«Онда да бізді басымыздан шертіп жүріп ұтады», – деп жазды спортшы.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2002 жылдан бері УЕФА (Еуропа футбол қауымдастықтары одағы) мүшесі саналады. Ал Өзбекстан құрамасы 1994 жылдан бері АФК (Азия футбол конфедерациясы) аймағында ойнап келеді және бүгін алғаш рет өз тарихында әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.