Рамазан Оразов неге құрамада жоқ? Бас бапкер жауап берді

08.06.2025, 19:38

Ол былтырдан бері Данияның «Силькеборг» клубында ойнап жүр

Рамазан Оразов неге құрамада жоқ? Бас бапкер жауап берді
Қазақстан футбол федерациясы

9 маусымда Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македония құрамасымен кездеседі. Осы матч алдында біздің ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев команданың дайындығы жөнінде айтты.

Бұған дейін бас бапкер Рамазан Оразовтың алаңға шықпайтынын мәлімдеген болатын. Бүнін ол осы шешімін түсіндіріп берді.

– Құраманың соңғы тізімін жарияламас бұрын Рамазан Оразовқа хабарластым. Жағдайды түсіндіріп: «Рамазан, сенде қазір ойын тәжірибесі жоқ. Бірінші циклде де болған жоқ, бірақ сонда да шақырдық. Ол бізбен бірге Анталиядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып, алаңға да шықты. Сол матчтан кейін мен оған қайта хабарласып: «Рамазан, сенің басты артықшылығың – физикалық даярлық пен агрессивті ойын. Бірақ бабыңда болмасаң, онда бәсекеге де қабілетті бола алмайсың», – дедім. Арамызда ешқандай құпия немесе мәселе жоқ. Тіпті біз оған клуб таңдау мәселесінде де көмек ұсындық. Ол алаңға жиірек шығып, бабына оралған соң, құраманы кеңейтеміз», – деді Әли Әлиев.

Бүгінде Рамазан Дания Суперлигасында өнер көрсететін «Силькеборг» клубының намысын қорғап жүр. Осы маусымда ол команда сапында 13 матч өткізіп, алаңда жалпы 405 минут өнер көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам