«Феномен». Криштиану Роналду Ламин Ямальға жоғары баға берді

09.06.2025, 11:10

Португалия құрамасы Ұлттар лигасының финалында Испанияны ұтты

«Феномен». Криштиану Роналду Ламин Ямальға жоғары баға берді
sportandbets.com

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямальді болмысы бөлек футболшы деп атады.

Кеше ғана Португалия құрамасы Ұлттар лигасының финалында Испанияны ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталған соң, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Ал бұл кезеңде португалдар мықтырақ болды - 5:3.

Кездесуден соң тілшілер Криштиану Роналдудан Ламин Ямаль жайлы пікірін сұраған.

«Ламин алда талай рет командалық та, жеке марапаттарға да ие болады. Ол феномен. Оны тамаша мансап күтіп тұр, әлеуеті өте зор. Әлі Ұлттар лигасын да бірнеше рет жеңіп алады. Қазір оның жасы небәрі 17-де. Сондықтан қатты қысымға ала берудің қажеті жоқ. Мен сіздерден өтінерім, оны жайына қалдырыңыздар», - деді Португалия құрамасының капитаны.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам