Өзбекстанды әлем чемпионатына шығарған бапкер қазақстандық жанкүйерлерге алғысын білдірді

09.06.2025, 15:34

Футболшы ретінде ол Қазақстанда «Ақтөбе» клубының намысын қорғаған

Өзбекстанды әлем чемпионатына шығарған бапкер қазақстандық жанкүйерлерге алғысын білдірді
gazeta.uz

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе BorodAbata.kz сайтына берген эксклюзивті пікірінде Қазақстан жанкүйерлерінің 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама үшін өткен шешуші матчтардағы қолдауына ерекше алғысын білдірді.

«Шыны керек, Қазақстаннан құттықтау мен қолдау сөздері өте көп келіп жатыр. Бұл елде мен ұмытылмас сәттерді бастан өткердім. Қазақстанда менің көп достарым бар. Сіздердің елдеріңізге шексіз алғысымды білдіремін. Өйткені біз – бауырлас халықпыз. Қазақстан құрамасына және жалпы қазақ футболына сәттілік тілеймін. Жанкүйерлерді әрдайым қуанта берсін», – деді Кападзе.

Айта кетейік, словениялық бапкер Сречко Катанец кеткеннен кейін Тимур Кападзе Өзбекстан құрамасын тізгіндеп, оны әлем чемпионаты-2026 турниріне тікелей жолдамамен алып шықты. Ал футболшы ретінде ол Қазақстанда «Ақтөбе» клубының намысын қорғаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам