Түрмеде отырған Гүлнәр Кәрімова Өзбекстанның әлем чемпионатына шыққаны туралы пікір білдірді

12.06.2025, 10:15

Ол кезінде Өзбекстанды футбол арқылы жарнамалауға көп инвестиция құйған

Түрмеде отырған Гүлнәр Кәрімова Өзбекстанның әлем чемпионатына шыққаны туралы пікір білдірді
әлеуметтік желі

Түрмеде отырған Гүлнара Кәрімова футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған Өзбекстан футболшыларын құттықтады.

Ол кезінде Өзбекстанды футбол арқылы жарнамалауға көп инвестиция құйған. Испанияда елші болған тұсында Өзбекстанға Месси, Криштиану Роналдуды әкеліп, шеберлік сағаттарын өткізген. Сондай-ақ әлем чемпионы, «Алтын доптың» иегері Ривалдоның «Бунедкор» клубында ойнауына ықпал етті.

«Әлем чемпионатына жолдама алу - Өзбекстанның қолынан келді. Бұл біз үшін ұлттық мақтаныш. Әлем енді Өзбекстанның қолынан не келетінін көретін болды. Біз бұл жетістікпен мақтанамыз, әрбір қадамдарына сәттілік тілейміз!», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Гүлнара Кәрімова — Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы. 2013 жылдан бастап Гүлнара Кәрімоваға қатысты сыбайлас жемқорлық және ақшаны жылыстату айыптары бойынша тергеулер жүргізілді. 2015 жылы ол ұрлық және бопсалау айыптары бойынша 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. 2017 жылы жаңа айыптар тағылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, кейін бұл жаза 5 жылға үйқамаққа ауыстырылды. 2019 жылы үйқамақ шарттарын бұзғаны үшін жалпы режимдегі колонияға ауыстырылды. 2020 жылы Ташкент қалалық соты оны қастандық, бопсалау, ысырап ету және ақшаны жылыстату сияқты айыптар бойынша 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 5
Күлкілі 16
Ашулану 3

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам