Өзбекстанда 14 футбол академиясы салынды - Равшан Ирматов

12.06.2025, 10:54

Олар футбол секциялары бар 209 спорт мектебімен жұмыс істейді

Өзбекстанда 14 футбол академиясы салынды - Равшан Ирматов
© РИА Новости / Елена Руско

Өзбекстан футбол федерациясының вице-президенті, танымал төреші Равшан Ирматов Өзбекстандағы футбол инфрақұрылымы жайлы айтты.

Маман елдегі футболдың дамуына академиялар салынып, балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына жағдай жасалуы себеп деп отыр.

«Өзбекстанда инфрақұрылым қатты шаршап қалған еді. Барлығын сараптан өткізіп, оның қорытындысын президентке көрсеттік. Ал президент толық қолдау білдіріп, ең алдымен балалар мен жасөспірімдерге арналған инфрақұрылымды жаңаруды тапсырды. Соңғы 4-5 жылда өңірлерде 14 футбол академиясы салынды. Олардың барлығы жұмыс істеп тұр. Тағы 14 футбол мектебі салынды. Олар футбол секциялары бар 209 спорт мектебімен жұмыс істейді, яғни турнирлер өткізіп, сол арқылы балаларды іріктейді. Былайша айтқанда, еліміздің түкпір-түкпірінен дарындарды іріктеп, соларды спорт мектептеріне әкеліп, сосын оларды академияларда дайындаймыз. Жүйе жолға қойылды», - деді Ирматов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам