
Томас Кокосински Польшаның «Висла» клубын қаржыландырады
Польшаның «Висла» (Краков) футбол клубының негізгі инвесторы Томас Кокосински қайтыс болды. Ол 4 маусымда Краковтағы мейрамханалардың бірінде кешкі ас кезінде вареники жеп отырып, тамаққа қақалып қалған. Бұл туралы РИА Спорт жазды.
Кокосински Польшаға «Висла» клубының 5 миллион доллар тұратын миноритарлық акцияларын сатып алу келісімін аяқтау үшін барған Алайда күтпеген жағдай болып, ол кешкі ас кезінде қақалып, гипоксияға (оттегі жетіспеушілігі) ұшыраған.
Ол ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, бірнеше күн бойы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дегенмен, ми қызметінің толықтай тоқтауына байланысты 11 маусым күні аппараттан ажыратылып, көз жұмды.
Айта кетейік, Томас Кокосински 2010 жылдан бастап металл өңдеу саласына маманданған Metalogic Industries компаниясының президенті болған.