Месси мен Суарес әлем чемпионатының алғашқы ойынында гол соқпады

15.06.2025, 11:31

Әлемге әйгілі жұлдыздар — Лионель Месси, Луис Суарес пен Серхио Бускетс толық 90 минут бойы ойнады

Месси мен Суарес әлем чемпионатының алғашқы ойынында гол соқпады
Getty Images

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Шымылдық ашар ойында  Мысырдың «Әл Ахли» мен Американың «Интер Майами» клубтары кездесті.

Ойын Майамидегі Hard Rock Stadium стадионында өтті және 60 927 жанкүйер жиналды . Матчтың 43-минутында «Әл-Ахлидің» жартылай қорғаушысы Трезеге пеналтиден мүлт кетті. Одан кейін де ешкім гол соға алмады. Сөйтіп ойын 0:0 болып аяқталды.

Дэвид Бекхэмнің клубы саналатын «Интер Майами» сапында әлемге әйгілі жұлдыздар — Лионель Месси, Луис Суарес пен Серхио Бускетс толық 90 минут бойы ойнады. Тек Жорди Альба бұл кездесуге қатыспады.

Топтық кезеңнің келесі матчтары:

• 19 маусым: «Интер Майами» — «Порту»

• 23 маусым: «Интер Майами» — «Палмейрас».

Айта кетейік, клубтар арасындағы әлем чемпионаты 13 шілдеге дейін жалғасады. Дүбірлі доп додасында 32 команда сынға түседі. Командалар 8 топқа бөлінді. Әр топта 4 клубтан ойын көрсетеді, олардың екеуі плей-офф кезеңіне шығады.

Чемпионаттың жүлде қоры 1 миллиард долларды құрайды. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам