«Ойыннан соң барлығы өтініш жазсын дедім». Дидар Сыдықбек мәлімдеме жасады

15.06.2025, 12:08

Ол команданың болашағына қатысты жоспарын айтты

«Ойыннан соң барлығы өтініш жазсын дедім». Дидар Сыдықбек мәлімдеме жасады
Kazfootball.kz

«Атырау» клубының бас менеджері Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында команданың болашағына және болатын өзгерістерге қатысты мәлімдеме жасады.

«Ойыннан кейін барлығы өтініш жазсын дедім, кімнің қалып, кімнің кететінін сосын шешемін. Ертең Астанаға барып, бапкерге қатысты жақсы жаңалық жариялаймын деген ойдамын. Кішкене шыдаңыздар, менің де шыдамым бітті.

Бір ойыннан қиналып өтіп алайық. Сосын жағдайды өзгертіп, ҚПЛ-да қалудың амалын іздестіреміз!

Егер біреу өтемақы сұраса, олардың да аттарын атаймыз. Трансферлік терезе 24-іне ашылады, содан кейн барлық жаңа ойыншылар команда құрамына енеді», - деді Сыдықбек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам