Астанада жемқорлардан алынған ақшаға жаңа стадион салынып жатыр

18.06.2025, 14:41

Құрылыс UEFA халықаралық стандарттарына сай жүргізіледі

Астанада жемқорлардан алынған ақшаға жаңа стадион салынып жатыр
Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Астанада Қайрат Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңа заманауи спорт нысанының құрылысы басталды. Бұл жоба заңсыз иемделіп, мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр.

Құрылыс UEFA халықаралық стандарттарына сай жүргізілуде. Жабық спорт кешені 3598 орынға есептелген, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы орындар да қарастырылған.

Жаңа стадион — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту туралы тапсырмасын іске асыру аясындағы ірі жобалардың бірі. Қайтарылған активтерге қаржыландырылатын бұл спорт нысаны бұқаралық спортты дамытуға және елорда тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына серпін береді.

Айта кетейік, қазіргі таңда еліміз бойынша қайтарылған активтер есебінен жалпы құны 318 млрд теңге болатын 400-ден астам әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам