Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де қазақ тілін үйреніп алар едім - Георгий Жуков

22.06.2025, 16:27

Өткен аптада ғана Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атанды

Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де қазақ тілін үйреніп алар едім - Георгий Жуков
ҚФФ

Ұзақ үзілістен соң Қазақстан құрамасына қайта шақырту алған жартылай қорғаушы Георгий Жуков қазақ тілін ұйғырлардан үйренгенін алға тартты.

Футболшы «Boroda Abata» YouTube арнасына берген сұхбатында бес тілді жетік білетінін, дегенмен қазақ тілін аздап түсінетінін айтты.

«Фламан, ағылшын, француз, орыс және поляк тілдерінде сөйлеймін. Испанша біраз түсінемін. Ал қытай тілін тек бастапқы деңгейде білемін, өзіме қажеттіні сұрап ала алатын жағдайдамын. Қазақ тілін Қытайдағы ұйғырлардан үйрендім. Ол жақта ойнайтын ұйғырлар көп, ал қазақ тілі сол тілге ұқсайды. Үнемі тыңдау арқылы аз-маз түсіне бастадым. Егер «Астана» мен «Қайратта» бәрі қазақша сөйлесе, қазақ тілін баяғыда үйреніп алушы едім», - деді Жуков.

Айта кетейік, өткен аптада ғана Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атанды.

Жуков мансабында «Қайрат», «Висла» Краков, «Цанчжоу Майти Лайонс» және польшалық «Пуща» командаларында өнер көрсеткен.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасында 20-дан астам матч өткізіп үлгерген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам