Алжирде футболдан ел чемпионатында қайғылы жағдай болды

23.06.2025, 09:54

Стадиондағы қоршау құлап, бірнеше жанкүйер жоғарыдан төменге құлаған

Алжирде футболдан ел чемпионатында қайғылы жағдай болды
Видеодан кадр

Алжир футбол чемпионатының финалдық кездесуінде үш адам көз жұмды.  «МК Алжир» клубы қатарынан екінші жыл ел чемпионы атанып, бұл жетістікке өзінің тоғызыншы рет қол жеткізді. Алайда чемпиондықты атап өту кезінде стадионда қайғылы болды.

Салтанатты сәт барысында стадиондағы қоршау құлап, бірнеше жанкүйер жоғарыдан төменге құлаған. Оқиға орнына он жедел жәрдем көлігі дереу жеткен.

Оқиға салдарынан үш адамның қаза тапқаны хабарланды. Сонымен қатар, 80-нен астам адам түрлі жарақатпен медициналық мекемелерге жеткізілді.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты Ұлттық футбол лигасы чемпиондық трофейді табыстау бойынша ресми салтанатты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам