
Командадан Абылайхан Жұмабек, Еркебұлан Тойбеков және Әбинұр Нұрымбет кетті
Түркістанның «Тұран» клубы тағы үш футболшымен қош айтысқанын мәлімдеді.
Команда сапынан Абылайхан Жұмабек, Еркебұлан Тойбеков және Әбинұр Нұрымбет кетті.
«Команда сапында өткізген ойындары үшін алғысымыз шексіз. Алдағы кәсіби мансаптарыңызға сәттілік!» - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Жартылай қорғаушы Еркебұлан Тойбеков ҚПЛ-2025-те бес матчта алаңға шығып, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Бұдан былай ол «Тараз» сапында өнер көрсетеді.
Ал орталық алаң ойыншысы Әбинұр Нұрымбет 13 ойында бір нәтижелі пас авторы атарған. Енді Нұрымбет еліміздің бес дүркін чемпионы Павлодардың «Ертіс» клубының намысын қорғайды.
Ал түркістандықтардың капитаны әрі шабуылшысы болған Абылайхан Жұмабек 12 матчта небәрі 1+2 көрсеткішке ие болды.
Бұған дейін «Тұран» сапынан 12 легионер кеткен, олардың бір бөлігі бас бапкер Виталий Жуковскиймен бірге «Атырауға» ауысқан.