2 млн оқырманы бар танымал блогердің күйеуі «Ұлытау» командасынан кетіп қалды

25.06.2025, 18:28

«Ұлытау»  футбол клубы үш футболшымен қош айтысты

2 млн оқырманы бар танымал блогердің күйеуі «Ұлытау» командасынан кетіп қалды
kpl

Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын «Ұлытау»  футбол клубы үш футболшымен қош айтысты.

Атап айтсақ, Асхат Ермекұлы, Дінмұхаммед Қашкен және Доминик Боловинцев клубтан кетті. 30 жастағы Асхат Ермекұлы мансабын Бірінші лигадағы «Жетісай» клубында жалғастырады. Ал Қашкен мен Боловинцевтің жаңа командалары әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Дінмұхаммед Қашкен мен Доминик Боловинцев биылғы жылдың басында Жезқазған клубына қосылған болатын. Ал Бішкек қаласының тумасы саналатын Ермекұлы 2024 жылдан бері «Ұлытау» сапында ойнап, команданың Бірінші лигадағы жетістігіне үлес қосқан.

ҚПЛ-дың 13-турының қорытындысы бойынша, «Ұлытау» 12 ұпаймен турнир кестесінде 11-орында тұр.

25 маусымда ресми түрде Қазақстанда трансферлік терезе ашылды.

Дінмұхамед Қашкен – қазақстандық танымал блогер Мерей Әбілованың жолдасы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам