«Біреу келеді де бәрін жоққа шығара салады». Кумыков тағы төрешілерге шүйлікті

Telegram WhatsApp

…Шаршау бар, бірақ бұл футболдан емес, төрешілерден шаршайсың.

скрин видео
скрин видео

«Қайсар» клубының бас бапкері Виктор Кумыков шәкірттері Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында «Елімайдан» (1:2) жеңілген соң төрешілікке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы stepnie_volki_kzo Instagram парақшасы жазды.

«Не деуге болады… «Елімай», жақсы команда. Соған қарамастан бұл ойында жеңілмеуіміз керек еді. Қызыл қағаз көрсетіп, одан қалды пенальтиді бермеді, мұның барлығы әділетсіз шешім болды деп есептеймін. Оның үстіне бұл сәттерді өзіміз де қарап шықтық, бәрі расталды. Бұған қоса, өткен ойында да таза голымыз есептелмей қалды…Шаршау бар, бірақ бұл футболдан емес, төрешілерден шаршайсың. Қаншама еңбек етесің, ал біреу келеді де бәрін жоққа шығара салады»

деді Кумыков матчтан кейін

Естеріңізде болса, Кумыков жетінші турда «Астанамен» өткен ойыннан соң да төрешілер жұмысын сынаған.

«Біздің команда қазақстандықтардан ғана жасақталғанын жақсы білесіздер. Жігіттер қосалқы құрамнан, Бірінші және Екінші лигалардан жиналған. Мен онсыз да жарты жылға шартты түрде шеттетілгенмін, енді тағы шеттетілетін шығармын. Бірақ үнсіз отыра беруге де болмайды. Ойынымызға төреші болып тағайындалған әрбір төреші біздің команданың сағын сындыруды абырой санайтындай. «Қызылжармен» болған алдыңғы матчта 100 пайыз қызыл қағаз болған, алайда қызыл қағаз тұрмақ, ойынды тоқтатқан жоқ. Ал бізді бірден алаңнан қуушы еді. Үнемі қайталанатын жағдай. Бізді өлтіре берудің қажеті жоқ. Командамыз енді жасақталған. Соған қарамастан төрешілер қосымша аяқтан шалады. Бір ойында үш пенальтиді қалай беруге болады?!»

деп ашуға булықты Кумыков

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 447 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 276 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 515 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 279 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 283 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 328 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 304 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 481
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›