«Анасы 1991 жылғы». Кадыровтың 17 жастағы спортшы ұлы үйленді

Бүгін, 17:22

Сарапшылар оның қолында Jacob & Co. Billionaire ASHOKA маркалы, 320 бриллиантпен безендірілген сағат болғанын анықтады.

«Анасы 1991 жылғы». Кадыровтың 17 жастағы спортшы ұлы үйленді
Рамзан Кадыров/Telegram

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың ұлы, аралас жекпе-жекте бағын сынап жүрген 17 жастағы Адам Кадыров отбасын құрды.

Түрлі ақпарат көздері оның жары Рамзан Қадыровтың жақын серігі, Мемлекеттік дума депутаты Адам Делимхановтың немересі екенін жазуда.

 Үйлену тойы Кадыровтар отбасының ата-бабалар мекені Ахмат-Юрт (бұрынғы Центорой) ауылында өтті. «Кавказ.Реалии» басылымының мәліметінше, Адам Кадыровтың үйлену тойы 28 маусым күні Ахмат-Юрт ауылында болған. Адамның әпкесі Айшат Қадырова қалыңдықтың есімін жариялады. Оның есімі Медни, өзі де Ахмат-Юрттан шыққан, бұл ауылда Қадыровтардың жоғары лауазымды туыстары тұрады. Той күні республика аумағында жолдар жабылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Кортежді алып жүруге Шешенстанның барлық ауданынан жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

 Адам Кадыровтың үйленгенін оның әкесі, Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров растады. Ол бұл туралы Telegram-арнасында жазып, ұлының некеге отырар алдында Ресей президенті Владимир Путиннен жеке құттықтау алғанын хабарлады.

 Сонымен қатар басқа телеграм арналарда Адам Кадыровтың үйлену тойынан суреттер жарияланды. Сарапшылар оның қолында Jacob & Co. Billionaire ASHOKA маркалы, 320 бриллиантпен безендірілген сағат болғанын анықтады. Бұл сағаттың бағасы 27,7 миллион доллар (14 356 300 000 теңге).

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Отбасы кодексінің 13-бабына сәйкес, некеге тұру жасы 18 жас. Алайда ерекше себептермен кәмелетке толмағандарға (16 жастан бастап) жергілікті өзін өзі басқару органдары рұқсат бере алады.

 Кадыров – Шешенстан батыры, өз әкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы және «Шейх Мансур» атындағы батальонның кураторы.

Жекпе-жек түрлерімен айналысатын Адам Кадыров түрлі спорттық жарыстардың жеңімпазы. Ол бокстан «Аңыздар уақыты» турнирлерінде топ жарған.

2023 жылы Құранды өртеп ұсталған Никита Журавлевті түрмеге барып ұрған болатын. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған соң кіші Кадыровқа жан-жақтан мемлекеттік наградалар табыстала бастады. Бір жылдан астам уақытта Адам Кадыров дәл осындай он награда алып үлгерген. Тек былтырғы қазан айының өзінде оған үш бірдей орден тағылды.

Оның анасы, 2006 жылы «Шешенстан аруы» атанған Замира Джабраилова екені жазылып жүр. Ол Адамды 15 жасында дүниеге әкелген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам