ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Йоахим Лев Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

14.07.2025, 14:30

Ол 2006 жылдан бастап 2021 жылға дейін Германия құрамасын жаттықтырған

Йоахим Лев Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін
© РИА Новости / Алексей Филиппов

Германия құрамасының бұрынғы бас бапкері Йоахим Лев Өзбекстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін.

Championat.Asia мәліметінше, Өзбекстан футбол қауымдастығы неміс маманымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер Лев ұсынысты қабылдаса, қазіргі бас бапкер Тимур Кападзе оның жаттықтырушылар штабына енуі мүмкін.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, енді көршілеріміз 2026 жылғы әлем біріншілігінде өнер көрсетпек.

Йоахим Лев 2006 жылдан бастап 2021 жылға дейін Германия құрамасын жаттықтырған. Оның басшылығымен неміс құрамасы 2014 жылы әлем чемпионы, ал 2017 жылы Конфедерациялар кубогының жеңімпазы атанды.

2021 жылдан бері Лев ешбір команданың бас бапкері қызметін атқарған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам