
Бұған дейін УЕФА Тайнанға Қазақстан құрамасы сапында ойнауға тыйым салған еді
Қазақстан футзал құрамасының 32 жастағы шабуылшысы Тайнан Лиссабонның «Спортинг» клубынан «Семейге» ауысады.
Бұған дейін ол «Қайрат» (Алматы), испандық «Эль-Посо» және сол «Спортинг» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ Тайнан БАӘ мен Иран чемпионаттарында да өнер көрсеткен.
Өткен маусымда тәжірибелі Тайнан Португалия чемпионатында 16 гол соғып, мергендер тізімінде үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Тайнанға Қазақстан құрамасы сапында ойнауға тыйым салған болатын. Себебі еуропалық ережеге сәйкес, шетелдік ойыншы ұлттық құрамаға шақырту алу үшін сол елде кемінде бес жыл тұруы тиіс.