ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Әрі-бері секіре берудің қажеті жоқ». Танымал бапкер Қазақстанның Азияға оралуы жайлы

Қазақстан Еуропа футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) 2002 жылы мүше болды

ҚФФ
ҚФФ

Қазақстандық танымал маман Дмитрий Огай BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстанның Азия футбол конфедерациясына (АФК) қайта оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

«Бұған толық сенімді емеспін. Ең алдымен, ішкі футболға назар аудару керек деп ойлаймын. Қазақстанда алаң сапасын, футбол академияларын жақсарту қажет, балалар мен жасөспірімдер футболына көңіл бөлу керек. Ең дұрыс шешім осы болар еді. Еуропа мен Азия арасында әрі-бері секіре берудің пайдасы жоқ. Бұл бізге көмектеспейді», - деді Огай.

Еске салайық, Қазақстан Еуропа футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) 2002 жылы мүше болды. Ал құрама «Азияда өнер көрсеткені жөн болар еді» деген сыңайдағы әңгіме Өзбекстан әлем чемпионатына іріктеуден өткен соң қайта көтеріле бастады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам