ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Танымал рэпер Снуп Догг футбол клубын басқаратын болды

19.07.2025, 10:05

53 жастағы музыкант «Суонси Сити» клубын қаржыландырады

Танымал рэпер Снуп Догг футбол клубын басқаратын болды
Getty Images

АҚШ-тың аты әлемге танымал рэпері Снуп Догг енді валлийлік «Суонси Сити» футбол клубының жаңа тең иелерінің бірі болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

53 жастағы музыканттың инвестиция көлемі нақты жария етілмегенімен, Снуп Догг клубтың жаңа негізгі жейдесінің шығарылуын қаржыландырғаны белгілі болды.

Снуп Догг еуропалық футболға бұрыннан қызығушылық танытып келеді. Ол FIFA мен UEFA-ның бірқатар жобаларына қатысып, халықаралық ірі турнирлерде жиі бой көрсеткен.

«Футболға деген махаббатым жұртқа белгілі. Бірақ дәл осы «Суонси Сити» клубының тең иесі атану — мен үшін ерекше оқиға. Клубтың тарихы мен оның тамыры жайылған өңірдің рухы мені ерекше әсерге бөледі. Бұл – мақтаныш пен еңбекке негізделген қала, ал клуб – нағыз күрескер. Мен де ешқашан оңай беріле қоймаймын. Сондықтан бұл клубтың бір бөлшегі атанғаныма мақтанамын. Оны қолдауға және алға жетелеуге бар күшімді саламын. Жас жанкүйерлермен жүздесуді асыға күтемін», – деді Снуп Догг клубтың ресми мәлімдемесінде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам