Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Чемпиондар лигасына бір қадам. «Қайрат» тарихи нәтиже тіркеді

13.08.2025, 02:21

Енді Шотландияның «Селтик» клубымен ойнайды

Чемпиондар лигасына бір қадам. «Қайрат» тарихи нәтиже тіркеді
"Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Алматының «Қайрат» клубы UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» командасынан айласын асырды.

Бір апта бұрын екі ұжым Алматыда кездескен. Сол кезде 1:0 есебімен «Қайрат» жеңіске жеткен. Бұл жолы Братиславада «Слован» негізі уақытта дәл осындай нәтижемен басым түсті. Сосын қосымша экстра-траймда болды. Бұл 30 минутта екі ұжым бірін-бірі ала алмады. Осылайша аталған жұптың тағдыры пенальти сериясында шешілді. Футбол лотериясында «Қайраттың» жолы болып, 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Енді Рафаэль Уразбахтин шәкірттері іріктеу кезеңінің плей-офф бәсекесінде Шотландияның «Селтик» клубымен ойнайды. Алғашқы матч сырт алаңда өтеді. Бұл ойын 19 тамызға жоспарланған.

Айта кетейік, «Қайрат» өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф бәсекесіне шығып отыр.

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам