
Футболшы испандық модель Джорджина Родригеске ұсыныс жасаған
Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске есте қаларлық ұсыныс жасады. «Аль-Наср» мен Португалия құрамасының жұлдызы оны өзіне тұрмысқа шығуға шақырып, саусағына бірнеше миллион доллар тұратын жарқыраған сақина тақты.
Бұл сәтті Джорджина Instagram парақшасында жариялап, жүрекке жетерлік жазба қалдырды:
«Иә, келісемін. Бұл өмірімде де, барлық өмірімде де».
Тойдың күні мен орны әзірге құпия. Дегенмен, қалыңдықтың қолындағы әшекей БАҚ назарын бірден аударды. Daily Mail дерегінше, сақинаның ортасында 10–15 караттық сопақша гауһар тас, жанында 2–3 караттан тұратын қос гауһар бар. Платиналы оправасы мен сапасына қарай оның бағасы 2–3 миллион доллар шамасында. Ал Pagesix сарапшылары тіпті жоғары баға беріп, орталық тастың салмағы 30 караттан асатынын, түсі — D санаты, тазалығы мінсіз екенін айтады. Мұндай гауһардың нарықтағы құны 5 миллион долларға жетуі мүмкін.
Футболшы испандық модель Джорджина Родригеспен 2016 жылдан бері бірге. Ерлі-зайыптылар бес баланы тәрбиелеп отыр. Роналдудың алғашқы перзенті кіші-Криштиану 2010 жылы дүниеге келді, оның анасын футболшы жария етпеген.
2017 жылы суррогат ананың көмегімен Роналдудың егіз балалары – Ева мен Матео дүниеге келді. Кейін Джорджина оған екі қыз сыйлады — Алана Мартина және Белла Эсмеральда. Бұған дейін, 2010–2015 жылдары Роналду ресейлік супермодель Ирина Шейкпен қарым-қатынаста болған.
Қазіргі таңда Роналду 40 жаста, Джорджина — 31-де.