Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасындағы жеңісі үшін қомақты қаржы тапты

13.08.2025, 11:56

Алматылықтар 4,29 миллион еуро табысқа кенелді

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасындағы жеңісі үшін қомақты қаржы тапты
ФК «Қайрат»

Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығып, қомақты сыйақы иеленді.

Үшінші іріктеу кезеңінде алматылықтар Словакияның «Слован» клубымен екі матчтық қарсыластықта пенальти сериясында жеңіске жетті. Осы нәтижемен қазақстандық команда турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Чемпиондар лигасының соңғы іріктеу кезеңіне өткендері үшін «Қайрат» 4,29 миллион еуро (шамамен 2,5 миллиард теңге) сыйақы алады. Егер алматылықтар плей-офф кезеңінде жеңіске жетсе, табысын 18,62 миллион еуроға (шамамен 11,7 миллиард теңге) дейін ұлғайта алады.

Соңғы іріктеу кезеңінде «Қайрат» Шотландия чемпионы «Селтикпен» кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.

Плей-офф кезеңінің алғашқы матчы 20 тамызда Глазгода өтеді. Жауапты матч 26 тамыз күні Алматыда жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам