Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Абат Айымбетов Иракқа кетейін деп жатыр

Бүгін, 09:34

Қазір ол еркін агент мәртебесінде.

Абат Айымбетов Иракқа кетейін деп жатыр
Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Ирак чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Жақында ғана футболшының Түркияның «Адана Демирспор» клубымен келісімшарт мерзімі аяқталған еді. Қазір ол еркін агент мәртебесінде.

Legalbet.kz дерегінше, түрік агенттері Айымбетовтің ресми өкілі Траян Гергишанға хабарласып, футболшының Ирак клубына ауысу мүмкіндігі жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Ирактың «Эрбиль» клубы Өзбекстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Шерзод Темировты, ал «Багдад Аманат» клубы өзбек жартылай қорғаушысы Бахтиёр Косимовты қатарына қосқан еді.

Еске салсақ, Түркиядағы маусым аяқталған соң, 28 жастағы форвард еркін агент атанды. Қазақстан клубтарынан қызығушылық болғанына қарамастан, Абат мансабын шетелде жалғастыруға ниетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам