Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Қайрат» Шотландияның 55 дүркін чемпионы «Селтикпен» тең ойнады

Бүгін, 02:03

Қарымта ойын 26 тамызда Алматыда өтеді

«Қайрат» Шотландияның 55 дүркін чемпионы «Селтикпен» тең ойнады
"Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде Алматының «Қайрат» клубы Шотландияға қонаққа барды. «Селтик Парк» стадионында Шотландияның 55 дүркін чемпионы «Селтикпен» ойнады.

«Қайрат» қарсыласының атақ-даңқынан қаймыққан жоқ. Лайықты түрде қарсылық көрсетіп, кейбір сәттерде тіпті басымдық танытты. Матчтың басында бір гол да салған. Бірақ төреші ойыннан тыс қалды деп есептемеді. Екінші кезеңде қақпашы Александр Заруцкий жарақат алып, матчты жалғастыра алмады. Дегенмен оны ауыстырған Темірлан Анарбеков те сенімді ойнай алды.

«Кельттер» қанша тырысса да, «Қайрат» қақпасынан саңылау таба алмады. Матчта есеп ашылған жоқ. Қорытынды есеп – 0:0.

Қарымта ойын 26 тамызда Алматыда өтеді.

«Селтик» (Глазго, Шотландия) – «Қайрат» – 0:0

«Селтик»: Каспер Шмейхель (Қ),  Киран Тирни (Остон Трасти, 77), Лиам Скейлс, Кэмерон Картер-Викерс, Алистер Джонстон (Энтони Ролстон, 35),  Рэо Хататэ, Каллум Макгрегор (К), Беньямин Нюгрен (Син Ямада, 77),  Дайдзэн Маэда, Джеймс Форрест (Арне Энгелс, 70), Адам Айда (Ян Хен Чжун, 46);

«Қайрат»: Александр Заруцкий (Қ) (Темірлан Анарбеков (Қ) 75), Александр Мрынский, ​Александр Мартынович (К), Егор Сорокин, Еркін Тапалов, Офри Арад, Дан Глейзер, Валерий Громыко,  Жоржиньо, Дастан Сәтпаев, Эдмилсон (Рикардиньо, 82);

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам