
«Селтик» бас бапкері «Қайратпен» болған ойындағы сәтсіздікке пікір білдірді
«Селтиктің» бас жаттықтырушысы Брендан Роджерс Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта «Қайратпен» (0:0) тең түскеннен кейін ойынға қатысты пікірін білдірді.
«Біздің бірінші таймдағы ойынымызға да, нәтижеге де көңіліміз толмады. Кездесуді қалаған қарқынмен бастаған жоқпыз, тым бәсең қимылдадық. Командалық әрекетіміз де күткендегідей болған жоқ. Екінші тайм әлдеқайда жақсы өтті: ойынды қарқынды бастадық, бірақ соңғы аймақтағы шешуші сәтті таба алмадық. Матч соңында түзету жасау үшін құрамға өзгерістер енгізуге тура келді. Соған қарамастан, жігіттер екінші таймда жақсы ойнады. Алайда бұл деңгейде бұдан да артық нәтиже қажет. Келесі ойында соны дәлелдей аламыз деп үміттенемін.
Әрине, өз алаңымызда артықшылықты пайдаланғымыз келген. Бұған дейін де осындай жағдайды бастан өткергенмін: «Русенборгпен» іріктеу кезеңінде 0:0 есебімен тең түсіп, сырт алаңда жеңіске жетіп, финалға өткенбіз. Біз сол ойында тамаша өнер көрсетіп, жеңіске жеттік. Сол сияқты, бұл жолы да жеңіске жететінімізге еш күмәнім жоқ. Бәрі біздің қолымызда», — деді Роджерс.
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде Алматының «Қайрат» клубы Шотландияға қонаққа барды. «Селтик Парк» стадионында Шотландияның 55 дүркін чемпионы «Селтикпен» тең ойнады.